Нұраби Төлеутай Қарағанды облысы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы ауыстырылды. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша бұл лауазымға Нұраби Төлеутай тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Жаңа басшының тағайындалуы туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Нұраби Төлеутай Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментін басқарған. Ұжымға жаңа басшыны ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.


Нұраби Төлеутай - Қарағанды облысының тумасы. ҚР ҰҚК академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «шет тілін білетін жедел қызметкер» және «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Органдарда 2014 жылдан бастап қызмет етеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменттерінің бірінде жұмыс істеді. ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Қаржы министрінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары болды. 2021 жылғы наурыздан бастап осы тағайындауға дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар