Нұрәлі Әлиев БАӘ компанияларына Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін атап көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрәлі Әлиев туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы БАӘ озық компаниялары басшыларына Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін Тәуелсіздік сарайында «Astana Invest 2015» бірінші күні шеңберінде қазақстандық-эмираттық бизнес-форумы өтті.

Форум алаңы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері шағын және орта бизнесінің 100-ге жуық уәкілдерін жинады.

Форум жұмысына Қазақстан тарапынан Астана қаласы Әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Продкорпорация» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Рахмет Байнақов және т.б. қатысты.

Абу-Даби делегациясының құрамына Абу-Даби сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті, «Arabtec» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мухаммед ар - Румейси, «Aldar Properties PJSC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Абубакр Седдик аль-Хури, сондай-ақ БАӘ-нің ҚР-дағы елшісі Сухейль Матар аль-Кетби кірді.

Бизнес-форумның ашылуы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың және БАӘ шейх Президенті Халиф бен Заида Аль Нахаянның суреттері кескінделген пошта маркаларын көрсету рәсімінен басталды.

Бұдан әрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев өз сөзінде әмірлік қонақтарымен сәлемдесті және инвестициялық қызмет үшін астана мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Нұрәлі Әлиев айтқандай: «Біздің астанамызды шетелдік капиталға арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтың бүтіндей жүйесі, шетелдік инвестицияларды қолдау мен қорғаудың нақты жүйесі ерекшелейді. Шетелдік инвесторлардың барлық мүдделері заңмен қорғалған».

Сондай-ақ, ол Астана «жайлы инвестициялық жағдайды дамытуға және экономикаға шетелдің инвестициялар ағымын бұдан әрі қалыптастыруға» мүдделі екенін қосып айтты.

Шетелдік қонақтарға арналған бағдарлама шеңберінде Астананың Индустриалдық парк нысандары бойынша инвестициялық тур ұйымдастырылды.

Қазақстандық-эмираттық бизнес-форум екі елдің экономикалық мүдделерін біріктіруге және өзара тиімді серіктестікті нығайтуға арналған. Бизнес-форум қазақстандық кәсіпкерлерге Араб Әмірліктерінен келген әріптестерімен тәжірибе және бизнес-идеялармен алмасудың тамаша мүмкіндігін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар