Нұралы Әліп «Манчестер Юнайтедке» ауыса ма - ресми жауап

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің өкілдері оған «Манчестер Юнайтед» командасы тарапынан қызығушылығы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Нұралы Әліп
Фото: ҚФФ

Қазақстандық БАҚ беттерінде еуропалық көшбасшы команда скауттарын ұлттық құраманың Словенияға қарсы матчына жібергені жөнінде ақпарат таратқан еді. Бұдан кейін жанкүйерлер ағылшындық клубтың Instagram-аккаунтына кең көлемде пікірін жазды.

«Бұл жөнінде агенттікке ешкім жүгінген жоқ, қалғаны авторлардың ар-ожданына байланысты... Қазіргі уақытта ол «Зенитке» тиесілі, клубтың чемпион атануына күш салып жатыр», - деп жазылған аталған хабарламада.

23-жастағы Нұралы Әліптің трансферлік бағасы 2 миллион евроға бағаланып отыр. Оның «Зенитпен» келісім-шарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 20 қарашада Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы оныншы турда Словенияға қарсы ойын өткізіп, қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді ел құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекиямен шеберлік байқасады.