Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің хабарлағанындай, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімі болып Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов тағайындалды.
Бұған дейін ол Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінде экономика және ауыл шаруашылығы мәселелерін басқарды.
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов Қостанай облысы Семиозер ауданы Шолақтерек селосында 1964 жылы 28 қарашада туған, қазақ, білімі жоғары.
1986 жылы К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.
1981жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы Чернышевский атындағы совхоздың жұмысшысы
1981 - 1986 жылдары К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясының студенті, Москва қаласы
1986 - 1988 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Чернышевский атындағы совхоздың агрономы, бас агрономы
1988 - 1991 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Қостанай облысы Қазақстанның ЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы
1991 - 1992 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Қостанай облысы Қазақстанның ЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің екінші хатшысы
1992 - 1995 жылдары Қостанай облыстық әкімшілігі басшысы аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі
1995 - 1997 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы
1997 - 1998 жылдары Қостанай облысының Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары (1997 - Қостанай облысы Қостанай ауданы)
1998 - 2000 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі
2000 - 2004 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі
2004 - 2006 жылдары Қостанай қаласының әкімі
2006 жылдан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
«Құрмет» орденімен (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) медальдарымен марапатталған.