Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды
Фото: ҰОК

97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.

Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдескен Сұлтан Әсетұлы Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевтен жеңіліп қалды.

Айта кетелік Таеквондодан Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталған еді