14:52, 12 Мамыр 2023 | GMT +5
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия Чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

102 салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос жаттығу қорытындысында 400 (181+219) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Нұрғиса жұлқи көтеруде (181 келі) кіші күміс, және серпе көтеруде (219) кіші алтын жүлдеге қол жеткізді.