Нури Бильге Джейлан: Фестиваль фильмдері көрерменді киноның жаңа әлеміне жетелейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Фестиваль фильмдері көрермендерді киноның жаңа әлеміне жетелейді. Бұл туралы «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасымен өткен баспасөз мәслихатында халықаралық конкурс төрағасы Нури Бильге Джейлан айтты.

Қазақфильм
Фото: Қазақфильм

Кездесу барысында спикерлер фестивальдің маңыздылығы, байқауға қатысатын картиналардан не күтетінін және заманауи кинематографтың рөлі туралы ойларымен бөлісті.

Қазылар алқасының төрағасы, әйгілі режиссер Нури Бильге Джейлан қазіргі кинематография жаңа көзқарасты қажет ететінін атап өтті.

«Дәстүрлі кинематографтың барлық тақырыптары біртектес. Әр адамның өміріндегі терең мәнді ашып, нәзік сезімдерге жету үшін жаңа тәсілді қолдану қажет. Фестивальде көрсетілетін фильмдер сіздерді киноның мүлде басқа әлеміне жетелейді», – деді халықаралық конкурс төрағасы.

Қазылар алқасының мүшесі, актриса Рано Шодиева фестивальдің терең әрі әдемі фильмдерден ләззат алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын атап өтті.

«Жақсы, таза, жаңа және әдемі киноға терең бойлағымыз келеді. Бізде осындай мүмкіндік бар – ол үшін бір апта берілді. Ең үздік фильмді таңдаймыз», – деді ол.

Халықаралық байқауда ұсынылған фильмдер терең мазмұн мен мәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Мысалы, «Белгісіз елге» фильмі палестиналық босқындар туралы баяндаса, «Нирвана» фильмі жарыққа ұмтылған үш жасырын жанның тарихын суреттейді. Режиссер Артықпай Сүйіндіков батыл тәжірибелер мен терең тақырыптарға назар аудару қажеттілігін тілге тиек етті.

«Мен «Еуразия» фестивалі қазақстандық көрермендер мен болашақ режиссерлерге пайдасын тигізгенін қалаймын. Фестиваль кинематографиялық тілді іздеуге, терең тақырыптарды зерттеуге және адамның ішкі әлемін ашуға басымдық берсе екен. Біз әдеттегі кинотеатрда көрсете бермейтін туындылар осында ұсынылуы керек», - дейді қырғызстандық режиссер.

Еске салайық, Алматыда «Еуразия» халықаралық кинофестивалі салтанатты түрде ашылды https://kaz.inform.kz/news/almatida-euraziya-halikaralik-kinofestival-saltanatti-turde-ashildi-f50336/.
Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 24-30 қараша аралығында өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысып жатыр.

Ауқымды шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастырған.

Айта кетейік, биыл конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм ұсынылады.

Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ.

Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз

Соңғы жаңалықтар