Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингіде үздік үштікке кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартқан әлемдік рейтингіде еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрқожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға көтерілді.

Нұрқожа Қайпанов
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, бұған дейін 28-орында тұрған отандасымыз бірден 25 сатыға жоғарылады.

Аталған салмақта рейтинг көшін Иналбек Шериев бастап тұр. Екінші орынға Ёсиносуке Аояги жайғасса, үздік үштікті Нұрқожа Қайпанов түйіндеді.

Бұдан екі жыл бұрын Тиранада (Албания) өткен әлем чемпионатында Н.Қайпановтың жеңімпаз атанғаны белгілі. Биыл қазақстандық спортшы Астанадағы әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа жаңа көліктің кілті табыс етілгенін жазған едік.

Сондай-ақ Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Зейнеп Баянова әлемдік рейтингіде екінші орынға көтерілді.