Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетелік Қаршыға Дәуітбек аралас жекпе-жектен Жапониядағы турнирде жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешінде ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырханның қарсыластары белгілі болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар