Нұрлан Әбдімәжін ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінің ҚХСКК комитетінің төрағасы болып сайланды

БЕЙЖІҢ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Үрімшіде өткен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінің Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің сессиясында Нұрлан Әбдімәжін оның төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
None
None

Нұрлан Әбдімәжін, ұлты - қазақ, 1962 жылы дүниеге келді. ҚХР ШҰАО Іле-Қазақ автономдық облысы Қорғаста туған. 1985 жылы Қытай Компартиясына мүшелікке өтті. Бейжің педагогикалық университетінің түлегі. ҚХР ШҰАО-нің сот органдарында, сондай-ақ Іле-Қазақ автономдық облысы мен Шыңжаң халықтық үкіметінің басшылық партиялық, мемлекеттік қызметтерінде жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап - ҚХР ШҰАР ҚКП Саяси бюро тұрақты комитетінің мүшесі. Қытай компартиясы ОК-нің 18 шақырылымындағы мүшелігіне кандидат.

Бұған дейін бұл қызметті Асхат Керімбай атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар