15:45, 31 Тамыз 2024 | GMT +5
Нұрлан Домбаев Паралимпия ойындарының ширек финалына шықты
ПАРИЖ. KAZINFORM – Нұрлан Домбаев Паралимпия ойындарының ширек финалына шықты.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 санаты бойынша сынға түскен Нұрлан Домбаев Марокко елінің өкілі Рашид Исмаил Алауимен іріктеу жекпе-жегінде кездесіп, қарсыласын 12:7 есебімен жеңді.
Гүлбахыт Қайыржанова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Париж қаласында өтіп жатыр. Бүгін сондай-ақ пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов пен Севда Әлиева, пара таеквондошылар Нышан Омірәлі мен Нұрлан Домбаев және волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина командасымен кездеседі.