Нұрлан имам тағы да Ақ үйге барды

АСТАНА. KAZINFORM — Белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Байжігітұлы Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтетін дәстүрлі қайырымдылық іс-шараға барды.

Нұрлан имам тағы да Ақ үйге барды
Фото: Нұрлан имамның Instagram парақшасынан

- Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74- ші Таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, биік шыңдарды бағындырып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат, - деп жазды Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, 2024 жылы ақпан айында АҚШ президентінің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтті. Халықаралық шараға Қазақстаннан дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар