Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

«Сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368, 189-баптары бойынша кінәларын мойындамады және ақтауды сұрады. Е., өз кінәсін толық мойындады. Алқабилердің қатысуымен сот кесімі бойынша сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. М.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. C.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Е.-ге мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындады», - дейді Павлодар сотынан.
Сонымен қатар сот М.-ды мемлекеттік наградасынан және генерал-майор атағынан, ал С.-ны - полковник арнайы атағынан айыру туралы ұсыныс жасады.
Одан бөлек, үкімде айтылғандай, сотталғандар келтірілген залалды өндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, өткен жылы 3 маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған еді.Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы барын хабарлады.
2022 жылы 13 шілде де Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада