Нұрлан Ноғаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бас конференциясында сөз сөйледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) бас конференциясының 64-сессиясы басталды. Конференция барысында Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің 121-ші мүшесі болды. 1994 жылы 26 шілдеде Алматыда Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында келісімге қол қойылды, бұл келісім Президенттің 1995 жылғы 19 маусымдағы №2344 жарлығымен ратификацияланған.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен атом энергиясын пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Агенттіктің кепілдіктер жүйесі ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз етудің ең тиімді құралы болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы - ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы барлық іргелі халықаралық шарттардың қатысушысы, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. - Өткен жылы Қазақстан әлемдегі 26-шы мемлекет болып, Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялады. Ағымдағы жылдың 14 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вена конвенциясының ережелерін имплементациялау мақсатында ядролық залал үшін операторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды».

Ноғаевтың айтуынша, Қазақстан ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету режимі аясында зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уранды кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар
telegram