Нұрлан Нығматулин Польша елшісін қабылдады

Кездесу барысында Н.Нығматулин Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының нығайып, оның дамуына қуатты серпін берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Президенті Анджей Дуданың өзара сапарлары екенін атап өтті.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің шеңберінде және біздің елдің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы екіжақты ынтымақтастықтың зор мүмкіндіктерін ашуда.
Сондай-ақ, жүздесу барысында Н.Нығматулин Орталық Азия мен Қытай нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Астана аймақтағы Варшаваның негізгі серіктесі болып табылатынын айтты.
Өз кезегінде Селим Хазбиевич Қазақстан мен Польша арасындағы саяси, дипломатиялық және экономикалық қатынастардың деңгейіне жоғары баға берді.
Тараптар басты бағыттардың арасында көлік саласы, көмірді өңдеу мен ауаны ластамайтын «таза технологиялар» және білім беру саласына тоқталды.
Мұнымен қатар Н.Нығматулин мен С. Хазбиевич халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Мәжіліс Төрағасы дипломатты 2018-2019 жылдарға арналған БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Польша жұмысының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Польшаның президенттері атап өткен Қауіпсіздік Кеңесінің бірлескен жұмысының аясында ынтымақтастық туралы ұстанымдардың ұқсастығына тоқталды. Әсіресе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, халықаралық лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне баса назар аударды. Осыған байланысты, БҰҰ алаңында ортақ мүдделерді ілгерілетудегі ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.
Тараптар сонымен қатар ортақ мүддені ілгерілетуге парламентаралық белсенді диалогты нығайтудың ықпал ететініне сенім білдірді.