Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Өзбекстанда жүр
ӨЗБЕКСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Өзбекстан Республикасында жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сапар барысында Мәжіліс спикері Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматиллой Юлдашевпен және Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен келіссөздер өткізетіні жоспарланып отыр. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин Өзбекстанның министрлер кабинеті жанындағы Шетел мемлекеттерімен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитетте бірқатар кездесулер өткізіп, Өзбекстандағы қазақ ұлттық орталығына барады деп күтіледі», - делінген баспасөз баянында.