Нұрлан Оразбаев «Барыс» командасының бас директоры қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрлан Оразбаев елордалық «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметінен кетті. 

Нұрлан Оразбаев
Фото: hcbarys.kz

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандық маман аталған қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған еді.

Оодан кейін командадағы АҚШ, Канада елдерінен келген хоккейшілерден бас тартты. Елордалық клуб сапында негізінен қазақстандық жастарға көңіл бөлді. Сондай-ақ олармен бірге реесйлік хоккейшілер де ойын көрсетті. 

Нұрлан Оразбаев 1968 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында қарағандылық «Автомобилист», теміртаулық «Болат» және елордалық «Барыс» командаларында ойнады.

Ал бұдан бұрын 2006-2012, 2013-2015 жылдарда елордалық клубтың президенті қызметін атқарды.

Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

Соңғы жаңалықтар