Нұрлан Сапарбай бокстан әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты жалғастырады.

Нұрлан Сапарбай
Фото: instagram.com/nurlannsaparbai

Отандасымыз бұл жолы бейтарап елдің өкілі Иман Рамизанпурделвармен шеберлік байқасты. Бірінші және екінші раундта Нұрланның басымдығы байқалса, үшінші раундта төрешілер түгелдей жеңісті қарсыласына берді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Енді кешкі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) үндістандық Девендра Сингх Саланди Сабыржан Аққалықов (75 келі) Даңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлит), Серік Теміржанов (60 келі) замбиялық Эндрю Чилатамен кездеседі.

ІBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.

Соңғы жаңалықтар