Нұрлы жер: Семейдің 10 ауданында жаңа үйлер салынады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке меншік тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 10 аудан белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші кезеңінде жеке тұрғын үй құрылысына 3 шағын аудан бөлінді. Олар «Ұшақтар», «Ақсай» және «Комсомол».  Қалған 7 аудан кезең-кезең бойынша пайдалануға берілетін болады. Өйткені, инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу керек. Ал аталған 3 ауданда қазір бұл жұмыстар аяқталуға жақын.  Таяуда Ақсай ауданында 50 үйдің құрылысы басталады.

«Ақсай, Ұшақтар, Комсомол аудандарына инженерлік коммуникациялар тартылып жатыр. Ақсай ауданына электр, су  толық жүргізілді. Енді ішкі аудандық  су құбырын тартатын жоба экспертизадан өтті. Ауа-райы жылынса құрылыс жұмыстарын басталады. Ал жылу жүйесі үш түрлі бағытта жұмыс істеп жатыр. Көмірмен, тоқ арқылы, одан кейін газ жүйесі арқылы», - деді қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Ардақ Исатаев.

Қалада жеке тұрғынүй құрылысын жүргізуге 10 г жер телімін алуға бүгінгі күнге дейін 24 133 адам өтініш түскен. Ал бағдарлама арқылы пайдалануға берілетін 10 шағын аудандан 13 715 отбасын баспанамен қамтымақ.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қарағайлы шағын ауданында да жұмыстар жалғасуда. 2017 жылы мұнда 3 көпқабатты тұрғынүй салынып, пайдалануға берілген. Ал биыл  тағы 3 көпқабатты үйді халық игілігіне беру жоспарлануда.  

Соңғы жаңалықтар