«Нұрлы жол» аясындағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін халықаралық тәжірибені пайдалану қажет - депутат Е. Тарасенко
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивенн Туллдың кездесуі алдында тілшілерге берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко осылай айтты.
«Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының өзегі елімізде инфрақұрылымды дамытуға байланысты. Бұл тұрғыда магистральдардың, көліктік-логистикалық орталықтардың құрылысы қамтылады. Атап айтқанда, осы бағытта серпіліс болып, жаңа жұмыс орындары құрылып, қазақстандықтардың өмірін айтарлықтай дамытуға және қорғауға мүмкіндік жасалады. Ең бастысы, көптеген әлеуметтік жобаларды іске қосуға басымдық беріледі», - деді Е. Тарасенко.
Оның сөзіне қарағанда, осындай жобаларды табысты іске асыру үшін халықаралық тәжірибені ескеріп, инвестицияларды тарту керек.
Кездесу барысында Инфрақұрылымдық даму жоспарының аясында Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартудың айрықша маңыздылығы атап өтілді.
Айта кетейік, кездесуге БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.