«Нұрлы жол» аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады - Қ. Өскенбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру ақпараттық тобының құрамында желтоқсанның 11 мен 13 аралығында Маңғыстау облысына барып қайтты және аймақтың еңбекші ұжымы және халқымен кездесті.
None
None

Вице-министр Ақтау қаласының активі - мемлекеттік органдар мен мекемелердің бамсшыларымен, кәсіпкерлер палатасы мен қаржы институттарының өкілдерімен, қоғам қайраткерлері мен қаланың құрметті тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ол агроөндірістік кешенге инновациялық технологияларды енгізу, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту, мемлекеттік институттарды жетілдіру туралы кеңінен әңгімелеп берді.

««Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты еліміздің барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар жағымсыз болжамдарға қарамастан, Мемлекет басшысы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орныдауды тапсырды», - деді Қайырбек Өскенбаев.

«Бұдан басқа, вице-министр «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының, «Каспий Битум» ЖШС-ның еңбекші ұжымымен кездесіп, жалпыұлттық жоспар шеңберінде тұрғын үй, көліктік-логистикалық, энергетикалық инфрақұрылымдық саланы, сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту шараларымен таныстырды», - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініші бойынша жауапты органдарға тапсырма берді және оларды өзінің қатаң қадағалайтының қадап айтты.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, strategy2050.kz хабарлады

Соңғы жаңалықтар