«Нұрлы жол» бағдарламасы әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасы әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Бүгін Ақордада еліміздің бір топ қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Бүгінгі күні мемлекетіміз біздің кәсіпорындарымыздың жұмысқа қабілеттілігін қолдау, жұмыс орындарын сақтау, сонымен бірге, Қазақстан экономикасын құлдыратып алмау үшін қаражат бөліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады әрі алдағы уақытта ондай жұмыстың ауқымы да арта түседі. Осы бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасы біздің елімізде ғана емес, халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапқанын айта кеткім келеді. Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі секілді халықаралық институттар да біздің бағдарламамызды қосымша қаржыландыруды қолдап отырғаны соның айғағы», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасына тоқтала келе, оның экономикалық дағдарыстың алдын алуға, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге бағытталғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар