12:26, 29 Маусым 2016 | GMT +5
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандары қатаң бақылауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы ОҚО-да «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 27 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, 23 білім нысандары, 1 жатақхана құрылысы және 3 инженерлік инфрақұрылым жүйелері бар.

13 нысанның құрылысы 2015 жылдан өтпелі болса, 14 нысанның құрылысы осы жылы жаңадан басталды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында салынған 600 орындық екі мектеп 2016 жылдың мамыр айында пайдалануға тапсырылды.
ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарға тексерудің өзге де түрлерімен бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мердігер мекемелерге 16 нұсқама берді. Сонымен қатар, жұмысты уақытында орындамаған құрылысқа қатысушылар 9 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бүгінде кемшіліктер толығымен қалыпына келтірілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.