Нұрлы жол - бұл ертеңгі күнге көпір - Б. Майлыбаев
Тарихымыздың көптеген ғасырларында біздің тар жол, тайғақ кешулерді басынан көп өткерген халқымыз ұлы Көшбасшыны өмірге әкелді. Әлемдік тарих, әсіресе, ХХІ ғасырда тек ұлы Халық ұлы Көшбасшыға лайықты екенін айғақтап беріп отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы мегатарихи міндеттерді шеше алды.
Ұлттық байлықтарымызды бейбіт тұрғыда құрып, бүкіл әлемде белгілі және құрметті елде достықта өмір сүретін мемлекет туралы ата-бабаларымыздың көптеген буындарының біртұтас халық туралы көпғасырлық арманы шындыққа айналды.
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік институттары тұңғыш рет билік тармақтары мен халық өкілеттілігін тиімді бөлу қағидаттарына сәйкес қалыптастырылып отыр.
Жаңа елордамыз - Астана, ішкі саяси тұрақтылық, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҮЕҰ-лар, тәуелсіз БАҚ-тар мен азаматтық қоғам басқа да институттар арқылы құрылған бүкіл халықтың мүддесін үйлестірудің бірегей жүйесі - осының барлығы тәуелсіздіктің аса маңызды құндылықтары мен жетістіктері болып отырған Елбасының ұлы істері.
Қазірдің өзінде Қазақстан халқы дәл бүгінгідей табысты өмір сүрмегенін мойындауға негіз жеткілікті.
Бұл халық әл-ауқатының деңгейінен және Қазақстанның өзінде адам әлеуетінің жедел дамуы кеңейіп келе жатқаны мүмкіндігінен анық көрінеді.
Президенттің «Болашақ», «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» бағдарламалары, білім беру мен халық денсаулығын сақтауды дамытудың жүйесі, «Қолжетімді баспана», сондай-ақ, тағы басқалары - Президенттің халық игілігіне қамқорлығы жөніндегі нақты мысалдар осындай.
Елбасы жүргізген дәйекті реформалар барысында жекеменшік және тиімді мемлекеттік қатысу қағидаттары бойынша жұмыс істейтін заманауи экономика құрылды.
Он бес жыл бойы Қазақстан, тіпті, қазіргі күрделі жаһандық дағдарысты жағдайларға қарамастан, өңірдегі және әлемдегі экономикалық өсім орталықтарының бірі болып отыр.
Қалыптасқан инновациялық индустрияландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, еңбекпен қамту кең ауқымды бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда.
Өз тарихында біздің халқымыз ешқашан Елбасы құрған және ең қиын кезеңдерде де Қазақстан экономикасына сенімді инвестициялық кепілдікті қамтамасыз етіп отырған Ұлттық қор секілді кең ауқымды қазынаға ие болып көрген емес.
Тұңғыш Президенттің экономика мен саясатқа қатысты стратегиялық шешімдері қашанда креативті.
Олар әркез уақыттың алдында жүреді, қазақстандықтар үшін табысты болашақтардың тарихи көкжиектерін ашады, халықты ортақ мақсаттар жолында біріктіреді. Мақсаты Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 елдің санатына қосу болып табылатын «2050» Стратегиясының басты міндеті де, міне, осы.
Қазақстанның кең ауқымды инфрақұрылымдық дамуын қарастыратын Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясаты да осы мақсатты көздейді.
Осы жаңа мегажобаны Мемлекет басшысының ұлттық тарихымыздың мерейтойы жылы қарсаңында іргерілетіліп отыруының да нышандық мәні бар.
Алдағы 2015 жылды Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Біздің қазіргі тарихымызда осы институттың рөлі баға жеткізгісіз. Жиырма жыл бұрын ҚХА өзі қабылданғаннан кейін шешімді әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берген Конституцияның президенттік жобасының бүкілхалықтық қолдауын қамтамасыз етті.
ҚХА-да барлық Қазақстан этностарының тарихи жады мен рухани толеранттылығы, қазақстандықтардың мәдени және тілдік әртүрлілігі әдемі үйлесім тапқан.
Сонымен бір мезгілде, бұл елді табысты дамытудың бірінші кезекті шарты және Елбасы құрған қазіргі заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегі ретінде халық бірлігінің негізгі арқауы болып табылады.
Сондықтан ҚХА мерейтойының Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шаралармен бір кешенде өткізілетіні қай жағынан алғанда да қисынды.
Алдағы жылы Қазақ хандығы құрылуының - 550 жылдығына, Шоқан Уәлихановтың 180 және Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы да ТМДМ елдерінің барлық халықтарымен бірге кең көлемде атап өтілетін болады. 2016 жылы - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы.
Нұрлы Жол - тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, жаһандық өлшемде тарихи маңызға ие өркениеттілік жобасы.
Біздің халқымыз үшін жолдар бағзы замандардан өмір және прогресс желілері болған.
Мысалы, Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы біздің ежелгі жеріміз әрқашан бір бөлшегі болып табылған Еуразия кеңістігінің материалдық, саяси және рухани-мәдени дамуының трендтерін айқындап келген. ХХ ғасырда салынған теміржолдар бойымен индустриялық қуат пен аграрлық кешен қалыптасқан, Қазақстанның қалалары мен ауыл-селолары дамыған.
Нұрлы Жол - өткеннің ұлылығын, бүгінгінің құндылығын және, іс жүзінде, біздің бүкіл кең байтақ Еуразия үшін маңызы зор біртұтас жүйе құраушы болашағымыздың шексіз мүмкіндіктері.
Іс жүзінде, Елбасы Қазақстанның тек экономикалық немесе мәдени ғана емес, сондай-ақ, Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы геосаяси берік көпір ретіндегі ғасырларға кететін жаһандық тауашасын айқындап берді.
Онда тек ұлттық дамудың тағдыршешті міндеттері ғана емес, сондай-ақ, біздің көршілеріміз - Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азия елдерінің, сонымен қатар, Еуропалық одақ елдерінің және серпінді даму үстіндегі Азия-Тынық мұхиты өңірінің стратегиялық жоспарлары қисынды тұрғыда қаперге алынған.
Инфрақұрылымдық даму, инновациялық индустрияландыру жобалары көптеген ғасырлар бұрын халқымыздың тарихи ауыр тағдыры қалыптасқан, ұлттық тарихымыздың тар жол, тайғақ кешулі жолы жатқан кең байтақ кеңістікте жүзеге асырылатын болады.
Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясатының тарихи мәні мынада: жүрдек магистралдар ата-бабаларымыздың көпғасырлық мұраларын қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының ұлы істерімен мәңгілік ұштастыратын болады.
ХХІ ғасырдағы табысты мемлекет заңы мынадай: тіпті, аса қуатты экономиканың өзі адамдардың рухани идеяларын біріктірмей дамуы мүмкін емес.
Адамдардың жекелеген топтары арасындағы алшақтықтар мен бөліністерге иек артқан атомдалған қоғам ауқымды міндеттерді шеше алмаса керек. Бірқатар мемлекеттердегі бүгінгі оқиғалар осыны жеткілікті түрде айқын көрсетіп беріп отыр.
Қазіргі және болашақтағы табысты елдер, бұл, рухани қуатты және біртұтас ұлттар екені талассыз.
Сондықтан Елбасы тек елдің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін дамыту маңызды деп есептеп қана қоймай, сондай-ақ, қоғамдық мүдделерді тар этностық, өңірлік, корпоративтік және жеке мүдделерден жоғары қоюға шақырады.
Қазақстанның жаһандық ТОП-30-ға енудің басты шарты ретіндегі қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығын нығайту міндеті әрқашан Президенттің назарында болып келді және болып қала береді.
Қазіргі заманғы тренд айқын - біздерге, қазақстандықтарға ХХІ ғасырда лайықты және жетекші ел болудың жоғары мақсаты жолында бүкіл қоғамды берік біріктіретін идеялық күш қажет.
Сондықтан, Елбасы халыққа өзінің біріктіруші идеясын - Мәңгілік Ел идеясын жасап, ұсынды.
Мемлекет басшысы ұлттық идеяны жарлықпен немесе заңмен бекітуге болмайтынын талай мәрте айтқан болатын. Қоғам ортақ мақсаттар мен ортақ мүдделерге бір ғана жолмен келуі тиіс, оларды әр адамның жеке сұраныстары мен өмірлік тәжірибесі тұрғысынан сезінуі керек.
Егер идея көшбасшы ұлттармен тең тұрып, мәңгілік халық болу тұрғысынан үнделсе, мәселен, 1992 жылы бізде не ұлттық экономика, не қазіргідей қалыптағы мемлекет, тіпті, не бағаның өсуін бақылауға мүмкіндік жоқ кезде үнделсе, абсолютті түрде қисынсыз болып шығатынымен келісетіндеріңіз анық.
Кезінде бөтен идеяларды сол қалпы көшіре салу туралы көптеген ұсыныстар болды. Бірақ сол кезде оған КСРО ыдыраумен байланысты экономикалық коллапстан өмір сүруге қажетті қаржы-қаражатсыз қалған адамдар, еңбекақылары мен зейнетақыларын айлап ала алмаған жұмысшылар мен зейнеткерлер сенер ме еді?
Біздің қоғамды Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруы тарихи тұрғыдан жолымыздың болғанын білдіреді. Міне, қазірде Елбасы саясаты елге қандай да бір құлдырау үстінде емес, өзінің тарихи әлеуетін ашқан Қазақстан тәуелсіздігінің шырқау биігінде ұлттық идея иеленуіне мүмкіндік берді.
Мәңгілік Ел - бұл біртұтас Қазақстан халқы патриоттық санасының жаңа матрицасы. Бұл - Қазақстанның барлық этносы үйлесімді қабылдайтын арқаулық құндылық.
Ол үстіміздегі ғасырда бүкіл қазақстандық азаматтық біртектілік дәйектілікпен нығайтылатын үнқатысудың алаңы мен тәсілін құрып отыр.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы елдің әр азаматының өміріне орасан зор практикалық және рухани мағына енгізеді.
Біріншіден, әр қазақстандыққа әркез өзін біздің Біртұтас Халықтың ажырағысыз бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы жеке, қоғамдық және мемлекеттік байланысты үзіліссіз құрып, бекітеді. Ол әр азаматты және Қазақстан патриотын қоғамдық өркендеу мен мемлекеттік қуаттың берік тірегі және өз игілігінің, бақыты мен табысының лайықты жасаушысы етеді.
Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» - бұл әлемнің ұлы ұлттарымен бір қатарда прогресс жолымен мойны озық келе жатқан игілікті, бейбіт, серпінді Қазақстанда әр адамның лайықты өмірге деген сенімділігі.
Мәңгілік Ел - «2050» Стратегиясының детерминанты.
Осы екі ұғым қазірде және қашанда біртұтас.
Бұл жерде қулану қажетсіз, мұның мәні қарапайым: біздің халқымыз аса дамыған ұлттар қатарында болып қана мәңгілік бола алады. Осындай жағдайда ғана Мәңгілік категория ретінде абстракция болудан қалып, Қазақстан жерінде прогрестің қуатты қозғалтқышына айналады.
Елбасы Мәңгілік Ел - бұл ұлы, өзінің бастауларын тарихи тамырлардан алатын ата-бабаларымыздың асқақ арманы деп дәл тауып айтса, оны жүзеге асыру бақыты тек бізге, қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағына бұйырып отыр.
Тұңғыш Президенттің басшылығымен біз көпғасырлық ұлттық арманымызды тәуелсіздік жылдарында жасалған маңызды құндылықтармен байыта отырып, материалдандырдық.
Мәңгілік Ел - бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан кейінгі жүзжылдықтардағы терең патриоттық ұстанымы. Ол қазақстандықтардың әлемнің жалпыұлттық құндылықтары мен келісімін қазіргі және кейінгі ұрпақтардың бойына дарытуға қабілетті күшке ие құндылық. Ал ол мемлекеттің, қоғамның және әр қазақстандықтың Отанымыздың тағдыры мен өсіп-өркендеуі үшін ұзақ мерзімді жауапкершілігімен қалыптасады.
Біздің бәріміз бүгінде дүниенің тұрақсыздық кезеңіне аяқ басқанын көріп отырмыз. Көптеген елдерде дағдарыстық құбылыстар күш алмаса, бәсеңдер емес. Және бұл тек экономикаға ғана қатысты емес. Бірақ бұл тығырыққа тірелдік деуге себеп болмаса керек. Елбасы талай мәрте атап өткендей, тасқынды алдын ала болжаған емес, қайық жасаған құрметке лайық. Сондықтан Нұрлы Жол - бұл ертеңгі күнге көпір. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстан мемлекет және қоғам ауқымында өзінің 2050 жылға дейінгі даму бағдарын айқындап алды. Біз өзіміздің мүмкіндігімізді дер кезінде танып-білу үшін болашағымызды болжауға тиіспіз.
Елбасы, Нұрлы Жол, Мәңгілік Ел - бұлар Қазақстан жолын жаңа экономикалық, саяси, рухани мазмұнмен толықтырып, табысты ететін жаңа ғажайып тарихи-генетикалық кодтың үш маңызды құрамдасы, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.