«Нұрлы жол» бульварын күмбездің астына алу жобасы аяқталуға жақын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бульварын күмбездің астына алу жобасы аяқталуға жақын. Аталған жоба бүгін Сыртқы істер министрлігінде құрметті консулдарға таныстырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Біз Астанадағы «Нұрлы жол» бульварының жоғары жағына күмбез салуды көздейміз. Сөйтіп, ол жер жабық саяжайға айналады. Қазіргі кезде танымал сәулетшілер осы жоба бойынша тиісті жұмыстарды бастап кетті. Бас жоспар аяқталуға жақын. Бірнеше айдан кейін оны бекітеді деп ойлаймыз. Содан бастап біз шетел инвестицияларын тартуға кірісеміз", - дейді Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасының жетекшісі Әлішер Әбдіқадыров.

Басқарма басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаладағы спорт нысандарын бір-бірімен байланыстыру жоспарланған. Ол үшін арнайы жолдар салынуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының және ҚР-дағы шет мемлекеттердің құрметті консулдарының съезі ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты - Қазақстандағы шетел инвесторлары үшін жасалып жатқан жағдайларды жан-жақты түсіндіру, ол ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторларға жеткізу. 

Соңғы жаңалықтар