«Нұрлы жол» - инфрақұрылымды дамытудың басты бағыты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандану жағдайындағы әлемдік экономиканың даму болашағы, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымның маңызы зор. Сондықтан, экономиканың дамуына серпін беретін әлеуеті зор сала - инфрақұрылымды дамыту ісіне елімізде айрықша көңіл бөлініп келеді. Әлем бойынша өзінің аумағы жөнінен тоғызыншы орын алатын біздің елімізде инфрақұрылымдар салу үлкен инвестицияларды қажет етеді. Сондықтан Елбасының халыққа арнаған «Нұрлы Жол» - болашаққа бастар жол» атты былтырғы Жолдауы аясында инфрақұрылымдық сапа жөнінде әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіруге бағытталған «Нұрлы Жол» бағдарламасы қолға алынды. VІІІ Астана экономикалық форумының мінберінен сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі халықаралық жағдайға талдау жасай келіп, созылмалы сипат алған жаһандық дағдарыс және туындауы мүмкін қауіп-қатерлерден елдерімізді сақтап қалу жолдарын әлемдік ғылыми ойдың үздік өкілдерімен бірлесе отырып іздестіру, табу мақсатын көздеген халықаралық басқосулардың, оның ішінде, міне, осымен сегізінші жыл өткізіліп отырған аталмыш форумның рөліне тоқталып өткен еді.
None
None

Осы бағдарлама аясында алдағы үш жылдың ішінде ғана жаңа жолдар, электр желілері, коммуникациялар құрылысы үшін 14 миллиард доллар бағытталмақ. Бұл қаржының үштен бір бөлігін халықаралық қаржы институттары бөліп отыр. Экономикалық-әлеуметтік даму және демографиялық тұрғыдан еліміздің барлық өңірлерін тепе-тең жағдайда дамыту көзделуде.  Елордамыздан өңірлерге күн шұғыласындай автокөлік жолдарының желілері тарайтын болады. Теміржолдар, көпірлер, электр желілері, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен жаңа тұрғын үй кешендері көптеп салынатын болады. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша Ұлттық қордан жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын түбегейлі төмендету мақсатында 2015 жылы - 60 млрд., 2016 жылы - 90 млрд. теңге қарастырылған. Қазірдің өзінде өңірлер үшін әлеуметтік маңызы бар 96 жоба іске асырылып жатыр. Сондай-ақ Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғыртуға Еуропа қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 95,4 млн. АҚШ долларына келісімдерге қол қойылған.

энергетика саласындағы инфрақұрылымды дамыту. Бұл еліміздің солтүстік айма­ғының шығыс және оңтүстік өңірлермен байланысын күшейту мақсатында «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті» жобасын қолға алумен тікелей қабысып жатыр. Жалпы алғанда, 2015 жылы 500 кВ-тық электр энергиясын беру бағытында әуе желісінің 200 шақырым нысаны салынатын болады. Олардың ішінде Семей - Өскемен учаскесінде 130 шақырымды іске қосу көзделеді.
    Мемлекет басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізетін боламыз. 2019 жылға дейін елдегі ірі қалалардың арасында жол жүру уақыты үштен бір бөлікке дейін қысқара түседі, сапалы күрежолдар көрші елдерге шығуды қамтамасыз етеді. Электр қуатына деген сұранысты толық қамтамасыз ететін бірыңғай энергожүйе құрылады. Сонымен қатар, бағдарлама жарты миллион жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Индустриялық-инновациялық даму және «Нұрлы Жол» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы елімізде жаңа экономика құрылып, жаңа инфрақұрылым келбеті қалыптасады.
     Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда бағдарлама контрциклдық экономикалық саясатты іске асыру тәртібінде жүргізіліп жатыр. Мемлекеттің болашағы үшін маңызы зор «Нұрлы Жол»  бағдарламасы   еліміздің экономикалық құрылымдық өзгерістеріне серпін беріп, қосымша өсуін қамтамасыз етуге міндеттелген инфрақұрылымды дамытудың жаңа, бірегей бағыты екенін дәлелдеп келеді.

Соңғы жаңалықтар