«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 360 млрд. теңге сомаға тұрғын үйлер салу жұмысы басталды - Қ.Бишімбаев

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 360 млрд. теңге сомаға тұрғын үйлер салу жұмысы басталды. Келісімшарт жасалған көлемдер бойынша 2 жыл ішінде қаражатты кезең-кезеңімен игеру көзделген. Қаражатты игеру кестесі бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне қол қойылуына қарай 70,3 млрд. теңге 2017 жылдың шілдесіне дейін мердігерлерге аударылатын болады»,- деді ол.
Министрдің атап өтуінше, тұрғын үй құрылысына бөлінген уақытша бос қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында 2017 жылғы шілдеге дейін қайтару арқылы жоғарыда аталған 70,3 млрд. теңге мен 85,0 млрд. теңге сомасындағы БЖЗҚ-ның қолжетімді қаражатын қосып, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібінің айналым капиталын қаржыландыруға, экспорттық кредиттеуге бағытталатын болады.
«Кәсіпорындар үшін болжамды соңғы мөлшерлеме субсидиялауды ескергенде 7,75 пайызды құрайды. Бұл өндіріс көлемінің төмендеуіне жол бермеуге және өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтуды сақтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген қаражатты қайта бөлуді ағымдағы жылғы маусымның соңына дейін Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қарау ұсынылады», - деді Қ.Бишімбаев.