«Нұрлы жол»: ШҚО-да энергетикалық инфрақұрылымды құру бойынша ірі жоба жүзеге асырылады

Жобаның жүзеге асырылуы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының міндеттерімен үйлеседі.
Жоғары вольтты желінің тартылуы Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерін байланыстырып, олардың өнеркәсіптің даму мүмкіндіктерін арттырады. Ұзындығы 705 шақырым, құны 45 млрд. теңге болатын 500 кВ «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғары вольтты желіні салу 8 кезеңмен жүзеге асырылады. Оның бірі Екібастұздан Семейге, одан соң Семейден Өскеменге, сосын Семей-Шүлбі ГЭС т.с.с. жоғары вольтты желіні салу болып табылады. Желі құрылысына «КЕГОК» АҚ жетекшілік етеді. Солтүстік-Шығыс желісінің 705 шақырымы (Екібастұз-Семей-Өскемен) «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» желісімен жалғасады. Жалпы алғанда, еліміздің энергетиктері 1500 шақырым жоғары вольтты желі тартып, жаңа үш шағын станса салады, қазіргі бар қуаттарды жаңартады.