«Нұрлы жол» Жолдауының жүзеге асырылуы Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына енуіне жол ашады - Ф.Берталан
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, Ұлт көшбасшысының саяси және экономикалық салалардағы реформалардың тиімділігін айқын көрсеткенін айтады.
«Мемлекет басшысының сарабдал саясаты Қазақстанға тұрақтылықты, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыруда көшбасшылар қатарына енуге мүмкіндік берді. Венгрияның алғашқы ғарышкері ретінде мен Қазақстанның осы жылдар ішінде қол жеткізген ғылыми-техникалық ілгерілеушіліктерін атап өткім келеді. Бұл елдің жеткен жетістіктерімен шектеліп қалмайтынын, экономикалық жай-күйін жақсартуға ұмтыла беретінін білемін. Біздің елдеріміз алдағы уақытта да халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында көпбағытты қазақстандық-венгриялық стратегиялық әріптестікті тереңдете түсетініне сенімдімін», - дейді Ф.Берталан.