11:51, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Нұрмұхаммед ТАТ» шаруа қожалығы егін орағын табысты аяқтады - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қожакент ауылдық округіндегі «Нұрмұхаммед ТАТ» шаруа қожалығы үстіміздегі жылдың өзінде 45 гектар күріштің әр гектарынан 40 центнерден өнім алып, алғашқылардың бірі болып, егін орағын аяқтады.

Егінді жинап алуға атсалысқан Ораз және Батыр Шайжановтар ауыл шаруашылығы техникаларының істен шықпай, ел ырзығын ысырапсыз жинау жолында тер төкті. Сондай-ақ егінді дестеге алушы Ш.Мадияров пен дән бастырушы Н.Мадияровтардың егін жинауда жасаған еңбектері ұшан-теңіз.