Нұротандық партиялық бақылаудың павлодарлық қосындары республика бойынша үздік атанды

Нұротандықтардың облыстық конференциясында сөйлеген сөзінде бұл туралы аймақ әкімі Бақытжан Сағындықов мәлім етті.
Өткен жылдың қорытындысы көрсетіп отырғандай, Павлодар облысын индустрияландырудың республикалық және аймақтық карталарының нысандарында - «Нұр Отанның» 28 қосыны, «Жол картасы» нысандарында - 167, денсаулық сақтау мекемелерінде - 25, «Балапан» бағдарламасы бойынша қалпына келтіріліп жатқан балабақша нысандарында - 16 қосын жұмыс істеді. Олар мемлекет қаражаты мен инвестициялардың тиімді жұмсалуына мониторингтер жүргізді және жұртшылықтың оң бағасына ие болды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табуда.
«Партиялық бақылауды қамтамасыз ету кезінде лауазымды тұлғалардың былықтарын ашуға, мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту және баспана бөлу салаларындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін ашуға айрықша назар аудару керек», - деп атап көрсетті Б.Сағындықов өз сөзінде.