Нұротандықтар «Ардагерлерді ардақтайық» акциясына үн қосады -Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі филиал баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтулы іс-шараға орайластырыла өткізілген брифинг барысында атап көрсетілгендей, қазіргі таңда өңірде 750 Ұлы Отан соғысының ардагері, оның ішінде 217-сі Көкшетау қаласында тұрып жатыр. Өз кезегінде филал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесін өз талап деңгейінде атап өтуге қатысты қолға алынып отырған іс-шараларға тоқтала келе, әлі де болса ойластырылар тұстарға ерекше назар аударды. Ең бастысы, Жеңіс жолында жанын құрбан еткен ардагерлер назардан тыс қалмауы тиіс. Кездесуге қатысқан облыстық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі, әлеуметтік қамсыздандыру, ішкі саясат, мәдениет басқармалары өкілдері өз пайымдауларымен бөлісті. Басты мақсат - қарт жауынгерлердің тұрмыс тауқыметін жеңілдетіп, денсаулығын сақтауға қолқабыс көрсету. Соған сәйкес жеңілдіктер қарастырылып, мерекелі күнге тыңғылықты дайындықпен келуге талпыныс жасалып отырғандығы атап өтілді.