Нұротандықтар әскери борышын өтеп жатқан сарбаздармен кездесті

АҚТАУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен осы партия қызметкерлері және ҚР ҰҚК ШҚ–нің 2025 әскери бөлімі сарбаздарының кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген шара барысында сарбаздар Ақтаудағы Маңғыстау мұнай өндірісінің алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы бейнеленген мұражай мен облыстық тарихи- өлкетану мұражайын аралап көрді. Бұдан кейін олар «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның ғимаратында партия қызметкерлері және ардагерлерімен кездесіп, партия жұмысы және еліміздің бүгіні мен болашағы туралы әңгімелер тыңдады. «Біздің әскери бөлімде еліміздің түпкір-түпкірінен жас сарбаздар келіп, Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Маңғыстау топырағына келгенде өздері әскери қызмет еткен өлке туралы толық мағлұмат алып, әрі Қазақстанның осындай тарихи ескерткіштерге және қазба байлықтарға толы жерлерін мақтаныш етуі үшін бүгінгі шағын саяхатымызды ұйымдастырып отырмыз. Сондай-ақ партия қызметкерлерімен өткен басқосудағы ардагер ақсақалдардың сөздері жастарға патриоттық тәрбие беріп, үлкен ой салатындай тұшымды болды. Осы орайда біз оларға шексіз алғысымызды білдіреміз»,- дейді ҚР ҰҚК ШҚ 2025 әскери бөлімі командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары Бердібек Кыдыралиев.
Соңғы жаңалықтар