«Нұротандықтар» көп балалы аналарды ардақтады

ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданы Ақжайық ауылының мәдениет үйінде «Орнықты отбасы – ұлт орнықтылығының кепілі» ұраны негізінде көп балалы аналарды ұлықтау мерекесі өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Партияның 10 жылдығына орай «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, аудандық мәслихат депутаттары ұйымдастырған жиында алтын және күміс алқа иелеріне құрмет көрсетумен бірге әйелдер ұйымдарының қоғамдағы рөлін көтеру жайы да назардан тыс қалмады. Облыстық «Досуг» МКҚК әртістері өз өнерлерін көрсетсе, ардақты аналарға алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Асланбек Сарқұлов әйел-аналарды мейрамдарымен құттықтап, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды.
Соңғы жаңалықтар