Нұротандықтар партия съезіне дайындалуда

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық нұротандықтар партияның ХІІІ съезіне дайындалуда.
None
None

«Партия съезінде екі үлкен міндет - келесі онжылдыққа арналған жаңа бағдарлама қабылдау және партия жұмысын жаңарту мен күшейтуге бағытталған шараларды жүргізу жүктеліп отыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында партияның Саяси кеңесінің мүшесі Асқар Бақралинов.

«Партия жұмысын ұйымдастыру жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен бағдарлама жобасын әзірлеуге атсалыстым. «Нұр Отан» жаңа электоральдық кезеңге қуатты идеологиялық, салмақты және сарабдал бағдарламамен аяқ басады.

Бұл құжат парламенттік сайлаудағы болашақ жеңісінің іргетасы және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік жаңарту үдерістерінің кепілі», - дейді партия өкілі.

Соңғы жаңалықтар