Нұротандықтар Павлодар облысының Қашыр ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша тыңдалым өткізді

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қашыр ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға арналған тыңдалым өтті, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және орналастыруға арналған тыңдалымға депутаттар, аудандық саяси кеңестің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тыңдалымда аталып өткендей, ауданда жұмыспен қаму бағдарламасы қарқынды түрде іске асырылуда. 120 адам кәсіби даярлықтан өтіп әрі қарай білімдерін жалғастыруда. Осы жылы тағы да 20 адам тегін курстарда оқып, қазіргі кезде сұранысқа ие мамандық алуға бел буды.

Мемлекет ауыл тұрғындарына өз істерін ашуға көмектесті. 21 адам өздерінің жобасын іске асыру үшін несиелік 59 млн. теңге алды. 4 кәсіпкерге бизнесті кеңейтуге 12 млн. теңге бөлінді.

Экономикалық әлеуетті емес ауылдардан қоныс аударған 18 отбасы үшін 28 екіпәтерлі үй салынды.

Қашыр ауданына іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жасалған талдау нұротандықтарға ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруда коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттік органдардың тиімді әрекеттесуі бойынша шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар