«Нұротандықтар» тасқын судан зардап шеккен БҚО тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - «Нұротандықтар» көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударды.
None
None

Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Орталық аппаратында БҚО-да көктемгі су тасқындарына байланысты селекторлық кеңесі өтті. Облыста апат салдарынан 8 мыңнан астам адам көшірілгені белгілі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкімет 870 млн.теңге бөлді.

Кеңес барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Батыс Қазақстан облысындағы апатты жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. «Нұр Отан» да Президент партиясы ретінде Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуіне бірден қосылды. Бүгін барлық партия қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, партияның аймақтық филиалдары киімдерді қабылдау жөніндегі пункттер ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр, ал «Жас Отан» құрылыс жасақтары апат зардаптарын жою жөніндегі облыстық штабтың басшылығымен Орал қаласында бүгінгі күннен бастап өз жұмысын бастады»,- деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум