Нұрсұлтан Назарбаев Белградта Жамбылдың мүсінін ашты

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербияға ресми сапары аясында Белградың орталық көшелері бірінің бойындағы шағын алаңда қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашты.
None
None

«Бұл ескерткіш ұлы дала Гомері атанған ақынның туғанына 170 жыл толуына орай ашылып отыр. Мен кеше және бүгін Сербия Президенті Томислав Николичпен өте жемісті келіссөздер өткіздім. Олар барынша жемісті болды. Біз елдеріміз арасындағы  достықты, ынтымақтасты нығайту түсуіміз қажет екендігін білдіреді», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осы ретте бүгінгі шара қазақ халқының ақын-жазушыларының серб тіліне, ал серб қаламгерлерінің туындылары қазақ тіліне аударылуына түрткі болуына тілектес екендігін баса айтты.

«Біз халқымызды, жастарымызды бір-бірімен жақындата түсетін боламыз. Біз өз жастарымызды Сербияға, ал сіздер серб жастарын біздің елордамызда білім алуға  жіберуге уағдаластық. Бұл болашақта біздің халықтарымызды жақындата түседі. Бұған қоса, мен Қазақстандағы Сербия және Сербиядағы Қазақстанның мәдени күнерін өткізуді ұсынамын», - деді Н.Назарбаев.

Жамбыл мүсінінің ашылуына Сербия Президенті Томислав Николич, Белград мэрі мен қала тұрғындары қатысып, Алматы облысы филармониясының әншілері жырдан шашу шашты.

null 

Соңғы жаңалықтар