Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдарының форумына қатысты

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Алматы қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан ғалымдарының форумына қатысты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Форум қайта жөндеуден өткізілген ҚР Ғылым академиясының «Ғылым ордасы» ғимаратында болып өтті. Мемлекет басшысы сирек кітаптардың тұрақты көрмесінде болып, «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы - ғылымның жаңа стратегиясы» атты кітап көрмесін аралап көрді. Көрмеге шетелге танымал болған қазақстандық ғылыми мектептердің үздік ғылыми еңбектері қойылған.

«Қазақстан Республикасының ғылыми жетістіктері» атты көрмеде Мемлекет басшысына қазақстандық ғалымдардың өндіріске енгізілген, ендірілуге дайын ғылыми әзірлемелері мен абсолюттік инновациялары, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары таныстырылды.

Форумның ашылу рәсімі кезінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М. Жұрынов Мемлекет басшысына «Ғасыр ғұламасы» жоғары атағын беру туралы» куәлікті тапсырды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысы ғылым туралы жаңа заңның қабылдануымен бірге ғылым саласында серпіліс жасау үшін институционалдық негіз құрылғанын атап өтті. Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында өтуде. Қазақстан шешуші жиырма жылдық биігіне жаңа сапалы деңгейде - жоғары технологиялар мен инновациялар арқылы қадам басуға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет Тәуелсіздік жылдарында ғылыми саланы дамытуға әрдайым зор көңіл бөліп келгенін атап өтті. Елімізде 20 жылдың ішінде ғылыми ұйымдар желісін 1,6 есе ұлғайтты. Қазір 400 ғылыми мекемелер, орталықтар мен өзге де құрылымдар бар. Ғылыми қызметті басқарудың жаңа әдістері, ғылымды қаржыландырудың базалық, гранттық және мақсатты-бағдарламалық тәрізді жаңа түрлері енгізілді. Жалпы 2012 жылы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттің шығысы 42 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен 3 жылғы көрсткіштен орташа алғанда, 2 есе көп. Таяу үш жылда ғылымға бөлінген шығыс 118 миллиард теңгені құрайтын болады.

Президент қазіргі кезде ғылымды Қазақстан экономикасы мен қоғамын дамытудың локомотивіне айналдырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін анықтау маңызды екенін атап көрсетті. XXI ғасырда «ғылым» мен «инновация» біртұтас ұғымға айналды. Қазақстан ғылымын дамыту мәселесінің маңызды жағы - ол ғылыми-инновациялық жұмыстар мазмұнында әлемдік инновациялық трендке адекватты болуы. Қазақстандық іргелі ғылым жаһандық деңгейдегі зерттеулерге теңесуі маңызды. Энергетикада, ұлттық аэроғарыштық зерттеулер бағдарламаларында, жеке меншік әзірлемелер мен жаңа медициналық технологияны ендіру саласында инновацияны дамыту қажет. Сондай-ақ еуразиялық деңгейдегі халықаралық инновациялық жобалардың үлкен мүмкіндіктері бар.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Өмірзақ Айтбаев пен Нағима Айтхожина сөз сөйлеп, ғылымға көрсеткен ұдайы қолдауы мен қамқорлығы үшін Президентке алғыстарын айтты. Жас ғалымдар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология магистрі Анна Данченко мен Дублинск университетінің (Ирландия) RhD докторанты Азат Абдуллаев өздерінің Қазақстан ғылымын дамытуға дайын екендіктеріне Мемлекет басшысын сендірді.

Форум Қазақстанның жетекші ғалымдарына мемлекеттік наградалар тапсырумен аяқталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «М.А.Айтхожина атындағы молекулярлық биология және биохимия институты» МКД директоры Нағима Әбенқызы Айтхожина мен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті М. Жұрыновқа III дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. «Құрмет» ордені ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика институты» РМК компьютерлік моделдеу бас ғылыми қызметкері Иван Тимофеевич Пакке тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар