Нұрсұлтан Назарбаев Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен кездесті

АСТАНА-ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасында Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, «Gap» компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, олармен  Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туғанына ризашылық білдірді.

***

Карнеги қоры - әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту басты міндеті болып жарияланған коммерциялық емес жекеменшік ұйым. 1910 жылы құрылған Қор халықаралық саясат саласындағы ірі сараптау-талдау орталығының бірі болып саналады. 

Соңғы жаңалықтар