Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда актер Джеки Чанмен кездесті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат- ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне сапары барысында актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы ҚР Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кезді», - деп жазды А.Үкібай.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев актердің әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған болатын. Елбасы шараның салтанатты ашылуы барысында сөйлеген сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алғашқы, табысты жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ аталмыш бастама арқылы Еуразия құрлығы қайта бірігіп, екі мың жыл бұрынғыдай бір арнаға тоғысқанын айтты.

Ал форум сессиясында Елбасы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы сөз сөйлеп, жаңа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды.

null null

Соңғы жаңалықтар