Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі

МӘСКЕУ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 24 желтоқсан күні Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтеді, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.
None
None

Алдағы кездесу барысында мемлекет басшылары екі ел үкіметтеріне берілген тапсырмаларды орындау барысына, әсіресе отын-энергетика саласы мен «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану (2004 жылы оны жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған болатын) секілді басымдық берілетін салалардағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аудармақ.

Келіссөздер қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр, соның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, ғарыш және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастық бойынша құжаттар бар.

Бұл екі ел басшыларының ағымдағы жылғы алтыншы кездесуі болмақ. Бұған дейін олар 8 ақпанда Мәскеуде, 29 мамырда және 7 шілдеде Астанада, 20 тамызда Сочиде, 11 қараша күні Екатеринборда кездескен еді.

Соңғы жаңалықтар