Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында өсу жағдайы жақсарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Т.Донақов, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары М.Тәжин, Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров баяндама жасады.

Мемлекет басшысы жұмыс тобы жетекшілерінің есептерін тыңдап, Бес институционалдық реформаның жекелеген бағыттарының іске асырылу барысына тоқталды.

- Бірінші реформаға тоқталайық. «Б» корпусының басшылықтағы қызметкерлерін аттестациялау қорытындысында көптеген министрлік пен әкімдіктерде жұмыс істейтіндердің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу деңгейі төмен екені анықталды. Ең алдымен, бұл ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне, сондай-ақ барлық әкімдіктерге қатысты болып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында өсу жағдайы жақсарды. Сонымен бірге, бірқатар мемлекеттік органдарда «командалық ауыс-түйіске» байланысты басшылық құрамның ауысу деңгейі жоғары екені байқалады, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев «өз еркімен» босаған лауазымдарға түрлі кезеңде басшылармен бірге жұмыс істеген адамдар тағайындалып жатқанын айтты, сондай-ақ бұл мәселелерді ретке келтіру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram