16:02, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрсая» тұрғын үй кешенімен танысты
СТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрсая» тұрғын үй кешенімен танысты.

Тұрғын үй кешені 487 пәтерден тұрады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Кешеннің бірінші қабаттары «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты шағын балалар орталықтарына ыңғайластырылған. Олардың жалпы аумағы 2,5 мың шаршы метр - бұл мектепке дейінгі тәрбиемен 600-ден астам баланы қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.