Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл қазақ-түрік серіктестігін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүлмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл «Жаңа синергия» бірлескен ортақ экономикалық бағдарламасы аясындағы бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін қарастырды. Қазақстан Президенті Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктесінің бірі екенін айтты. Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық, әсіресе білім беру саласындағы қарым-қатынасты одан әрі өрістету жайына айрықша көңіл аударды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің оқу мекемелерінде білім алатын жастар санының көбеюі бұл үрдістің қарқын алуына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар