Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды.

«Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз - қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз - жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар