15:07, 24 Тамыз 2016 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президентін 1-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичті 1-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Еліміздің жоғары наградасын Елбасы сербиялық әріптесіне «Сербия» сарайында өтіп жатқан шағын құрамдағы кездесу барысында табыстады.
Айта кетейік, шағын құрамдағы кездесуден кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізіледі. Қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Мұнан бөлек, Елбасының Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен және Серб патриархы Иринеймен кездесуі, сонымен қатар Белград орталығындағы шағын алаңдардың бірінде Сербия Президенті Томислав Николичпен бірге Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашуы күтілуде.