Нұрсұлтан Назарбаев шахматтан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған Жансая Әбдімәлікке құттықтау жеделхатын жолдады

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шахматтан әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған жас қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

«Сені Бразилиядағы әлемдік шахмат турниріндегі жарқын жеңісіңмен құттықтаймын! Сен жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, алтын медаль иелене отырып, төрт мәрте әлем чемпионы атандың. Бұл сенің талантыңның, еңбегің мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің нәтижесі. Сенің орасан табысың Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ерекше сыйлық болды. Сенің жетістігің жас қазақстандықтар үшін үлкен үлгі-өнеге болатынына сенемін», - делінген құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы жас чемпионға табыс, сәттілік және жаңа жеңістер тілеген.

Соңғы жаңалықтар