12:04, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Нұрсұлтан Назарбаев шілденің 1-інен бастап Кеден одағының жұмысы бастау алғанын ресми мәлімдеді - ІІІ Астана экономикалық форумы
;АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордадағы ІІІ Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, яғни шілденің 1-інен бастап Кеден одағының жұмысы бастау алғанын ресми мәлімдеді.

«Атап айтқанда, бұдан әрі қарай ықпалдастық қажет етіледі. Өткен 10 жылдықтардың ықпалдастығы түрлі континенттер арасында жасалды. Біздің алдымызда Еуразиялық континент ішіндегі әлеуетті пайдаланудан орасан зор мүмкіндіктер ашылуда», деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Осының жарқын айғағы ретінде Қазақстан мен Ресей арасында құрылып, бүгін қол қойылған Кеден одағы мысал бола алады. Бүгін, шілденің 1-інен бастап Кеден одағының жұмысы бастау алды. Мен осыны мәлімдеймін», деп атап өтті Н. Назарбаев.