Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО әкіміне өңірдегі гидроэнергетикалық әлеуетін барынша пайдалануды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ашылған «Нұрлы жол» саябағында жұртшылықпен кездесу кезінде олардың «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерлеріне қызығушылық танытты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысын ерекше жақсы көретінін айтып, қасиетті өлкеге жиі келетінін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев болашақ энергиясы туралы ойымен бөлісіп, Даниал Ахметовке өңірдің гидроэнергетикалық әлеуетін, сондай-ақ басқа да энергетика көздерін, соның ішінде күн энергиясын белсенді пайдалануды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар